ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жуырда Шығыс Қазақстан облысына және орталық «Халифа Алтай» мешітіне бас имам болып тағайындалған Думан Нәдірұлы өскемендік бір топ ақсақалдар және ақ жаулықты әжелермен кездесті.
Жиында бас имам қарияларға құрмет көрсетіп, батасын алды. Сондай-ақ «Ислам және отбасы құндылығы» жылында өкілдікте атқарылатын рухани шаралар, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау және ел бірлігін сақтау, жас буынға ұлттық тәрбиемен үйлескен дәстүрлі Ислам қағидаттарын насихаттаудың маңыздылығы хақында салиқалы әңгіме өрбіді.
«Қарты бар елдің қазынасы бар» деген дана халқымыз. Ақсақалдар қазақ қоғамында қашанда бірлікпен берекенің ұйтқысы. Сіздермен бірлесе отырып өкілдік тарапынан рухани құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрді таныту, діни рәсімдерді оңтайландыру бағытында бірқатар іс-шараларды атқарамыз. Ең бастысы сіздердің белсенділіктеріңіз, тәжірибелеріңіз өкілдік үшін қашанда маңызды. Бүгінгідей арайлы күнде өздеріңізбен жүздескеніме қуаныштымын, сіздерден жастар тәлім алады, әрі сіздердің өнегелі істеріңіз бізге үлгі» деді Думан Нәдірұлы.
Сонымен қатар бас имам рухани құндылықтарды ұлықтау бағытында ҚМДБ тарапынан қазіргі таңда қолға алынып жатқан игі шаралар туралы кең көлемде баяндап берді. Ақсақалдардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларын бөлісті. Қариялар да өз кезегінде дін қызметкерлері атқаратын кешенді іс-шараларды әркез қолдайтынын жеткізіп, бас имамның Ислам діні жолындағы жаңа қызметіне зор табыс, жетістіктер тілеп бата берді. Жиында Құран оқылып, ел бірлігімен бейбітшілігі үшін дұға жасалды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
20.02.2025
1977
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру