Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Республикалық бата беру байқауына іріктеу сайысы өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 19.02.2025 1884 0 пікір
Павлодар: Республикалық бата беру байқауына іріктеу сайысы өтті

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ақсақалдар арасында «Ақ бата» республикалық бата беру байқауына іріктеу сайысы өтті.

Байқауға қала-аудандарда өткен іріктеу турында үздік деп танылған ақсақалдар қатысты. Шараның ашылу салтанатында Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы сөз алып аталмыш шараның маңызы мен мәні туралы кеңінен түсіндірді.

Байқау жеңімпаздары шариғат пен дәстүрге сай мағыналы бата беру, міндетті түрде дастарханға бата беру және дін мен дәстүрге қатысты қосымша сұрақтарға жауап беру талаптары бойынша анықталды. Байқау қорытындысы бойынша үздік үштіктен көрінген ақсақалдар және «Үздік дастархан батасы», «Жас келінге арналған үздік бата» аталымдары бойынша алғыс хат және қаржылай сыйлармен марапатталды.

Амантай Тойшыбайұлы – I орын Жолдама (Павлодар қаласы);

Худжанов Қайрат – II орын (Павлодар ауданы);

Дәуенов Ерболат– III орын (Шарбақты ауданы);

Демеуов Сәрсенбай  (Шарбақты ауданы),

Тулегенов Тұрғанбек (Ертіс ауданы)-аталымдар бойынша марапатталды.

Еске сала кетейік, байқау жеңімпазы биыл Түркістан қаласында өтетін республикалық бата беру байқауында Павлодар облысының үмітін арқалап, абырой-намысын қорғайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру