«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінде ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер» облыстық бата беру байқауы өтті.
Байқауға қала-аудандарда өткен іріктеу турында үздік деп танылған ақсақалдар қатысты. Игі іс-шараның ашылу салтанатында Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы: «Халқымыз үшін бата беру – адам баласының сенімін нықтайтын мағыналы, рухани күш. Ата-бабаларымыз бұрыннан ақсақалдың батасын, алғысын алуды өзіне парыз санаған. Батаны көпті көрген қариялар ғана береді. Сондықтан қариялар да халық алдында беделін түсіріп алмауға, бата беруге лайық болуға тырысқан. Біз бата беру дәстүрімізді жаңғырту мақсатында осы іс-шараны өткізіп отырмыз» деді.
Байқау жеңімпаздары шариғат пен дәстүрге сай мағыналы бата беру, дауыс ырғағы, дін мен дәстүрге қатысты қосымша сұрақтарға жауап беру талаптары бойынша анықталды. Байқау қорытындысы бойынша үздік үштіктен көрінген ақсақалдар алғыс хат және қаржылый сыйлармен марапатталды.
Ал байқау соңында бас имам барлық қатысқан ақсақалдарға қатысқаны үшін қаржылай сыйлықтар үлестірді.
Еске сала кетейік, байқау жеңімпазы биыл Түркістан қаласында өтетін республикалық бата беру байқауында Жетісу облысының үмітін арқалап, мүддесін қорғайды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglim.kz
17.02.2025
2149
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру