
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысына барған сапарында «Үшқоңыр» медресе-колледжінің ұстаздары және шәкірттерімен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында наиб мүфти ұстаздық қызметтегі әдеп негіздері мен тәрбиенің маңыздылығы туралы айтты. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп медресенің 4 ұстазына діни білім беру саласында ерен еңбек еткені үшін алғыс хат табыстады.
Сондай-ақ наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Ерғали Ахилбекұлы және облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлымен бірге «Үшқоңыр» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен, жаңа салынып жатқан ғимарат пен күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, шәкірттерге арнайы дәріс оқыды.
Одан бөлек колледжішілік және колледждер арасындағы жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орын алғандары үшін марапат қағаздарын табыстады. Дәріс соңында Кенжеәлі Қоңыратбайұлы шәкірттер үшін дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру