
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» директоры, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев жуырда Өскемен қаласына арнайы іссапармен барды.
РАНТ жоспарына сай кездесулері Өскемендегі «Мұхамади» мешітінде жамағатқа уағыз айтумен басталды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып бекітілді. Халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген қанатты сөз бар. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяда жақсылық көбейсе, қоғамда ізгілік салтанат құрады. Қоғам түзелсе мемлекеттің мерейі тасып, мәртебесі артады. Ислам отбасының ең әуелі сенім мен сүйіспеншілік және түсіністік негізінде құрылғанын қалайды. Бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғалардың дүниеге келуіне қабілетті болмақ. Ендеше, елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі, негізі қаланады» дей келе отбасы құндылықтарына терең тоқталды. Ата-ананы сыйлаудың дәстүрлі тәрбиедегі орны жайлы жайлы тұшымды тағылымдар айтты.
Сонымен қатар РАНТ мүшесі Өскемендегі «Әл-Фараби» мешітінде болып, жамағатпен және жастармен кездесіп, оларға қазіргі уақытта белең алып отырған жат діни ағымдардың зияны, дәстүрлі ислам жайлы өзекті тақырыптарға тоқталды. Уағыз барысында Мақсатбек Мақсотұлы дін мен дәстүр сабақтастығынан мәселелерді қамтып, сауалдраға жауап берді.
Сапар аясында РАНТ мүшесі Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығында» болып, ондағы қызметкерлермен кездесу жасады. Ол кездесу барысында ҚМДБ - дан жат ағымдардан күрес бағытында жасалып жатқан шаралар туралы әңігмелеп, қызметкерлермен пікір алмасты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру