Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облысы өкілдігі жылдық жоспарын таныстырды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.02.2025 1380 0 пікір
Қарағанды облысы өкілдігі жылдық жоспарын таныстырды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында дін қызметкерлеріне дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылы атқарылатын негізгі жұмыс бағыттарын айқындап берген болатын. Осыған орай, Қарағанды облысы өкілдігінің жиынында облыстың бас имамы Естай Әбдіғали Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасын таныстырды.

ҚМДБ бекіткен бағдарламаға сәйкес, 2025 жыл «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланды. Оның аясында төрт негізгі бағытта жұмыс істеу қажет екені аталып өтті: «Дін мен дәстүр» «Ихсан және насихат» «Діни оқу-ағарту» «Жат ағымдардан сақтандыру». Отырыста осы бағыттар бойынша жауапты имамдар сөз сөйледі. 

Жиынға облыстағы барлық аудан мен қала бойынша 130 дін қызметкері қатысты. Іс-шара барысында ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай өңірдегі діни салада еңбегі сіңген 35 ардагер имамға Бас мүфтидің алғыс хаты табысталып, қаржылай марапатталды. Сонымен қатар, мешіттердің рухани және әлеуметтік қызметін күшейту мақсатында бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланды.

Естай Айтуғанұлы имамдардың діни қызметтегі жауапкершілігін арттыру, рухани-ағартушылық жұмыстарды күшейту, ел арасында бірлік пен ынтымақты нығайту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, аудан және қала имамдарына биылғы тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру