Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕМЕЙДЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫНЫҢ» АЙМАҚТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 10.02.2025 654 0 пікір
СЕМЕЙДЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРШЫЛАРЫНЫҢ» АЙМАҚТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Семей қаласында облыстық «Абай Құнанбайұлы» мешіті жанындағы Студенттер үйінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қайырымдылық жаршылары» аймақтық форумы өтті.

Форумда «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қатысушы ерікті азаматтар мен Семей қаласы мешіттерінің қайырымдылық бағытына жауапты мамандарына  «Ерікті болу – өркениеттілік пен мәдениеттіліктің белгісі» тақырыбында баяндама жасап, еріктіліктің эковолонтерлық, этноволонтерлық және т.б. бірқатар түрлері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Ислам дінінідегі қайырымдылық жасаудың мән-мағынасы мен өзіндік ерекшеліктері туралы сөз қозғап, зекет пен уақыптың айырмашылығы туралы баяндады.

Жастарды қоғамға пайдалы болуға шақырып, мұның Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиеті екендігін жеткізді. Сонымен қатар, «Зекет және қайырымдылық» қорының атқарып жатқан іс-шаралары, жаңаша бастамалары және келешектегі жоспарлары, шет елдердегі қайырымдылық істерінен көрген тәжірибелері жайлы егжей-тегжейлі баяндады.

Қазіргі таңда әлемді толғандырып отырған Арал мәселесі туралы сөз қозғап, Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен Аралға ағаш егу акциясы өткізілгені туралы да жеткізді. Сондай-ақ, бұл шара алдауғы уақытта да өтетінің айтып, ерікті жастарды алда болатын «Аялы ағаш – саялы» атты Аралға ағаш егу акциясына белсене қатысуға шақырды. Студенттер еріктілік пен қайырымдылыққа қатысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Бұдан кейін Мақсатбек Мақсотұлы Абай облысы имамдарына «Зекет және қайырымдылық қорының жаңа жобалары» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында «ZEKET HUB» жобасын таныстырып, қазіргі таңда қолға алынып, жемісті қызмет атқарып келе жатқан бірқатар шаралар туралы мәлімет берді.

«ZEKET HUB жобасы аясында тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан жандарға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары жүргізіледі. Бұл курстар 3 бағытты қамтиды: Кәсіп мектебі – «Дәнекерлеуші», «Жиһаз құрастырушы», «SMM маманы», «Кілт жасау», « ЛФК жаттықтырушысы». Бизнес мектебі – «Жобалау менеджері», «Өнім менеджері». Этнокәсіп – «Астау жасау», «Ұлттық киім тігу», «Көрпе тігу». Сондай-ақ, «Балық берме, қармақ бер» нақыл сөзді басшылыққа алған ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры «QAZ QATAR» құрастырмалы тауық фермалар жобасын іске қосты. Қазіргі таңда мұнда 4000 тауық өсірілуде. Ал, тауық еттері қайырымдылық бағытына жұмсалуда» деді Мақсатбек Мақсотұлы.

Сондай-ақ ол «Зекет және қайырымдылық» қорының өзге де жобалары туралы түсіндіріп, жергілікті имамдарға аталмыш жобаларды қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде жүзеге асыру жолдарын баяндады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру