
Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев «Ақтөбе» медресе-колледжінде бітіруші түлектермен кездесті.
Кездесу барысында облыстың бас имамы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай түлектерді қызметке тарту және ҚР бекітілген жоғарғы оқу орындарына бағыттау мақсатын толық түсінідірді. Сонымен қатар Ақтөбе өңіріндегі кадрларға сұраныстың бар екенін жеткізіп, шәкірттерге білім алу, елге қызмет ету және діни қызметтің жауапкершілігі жөнінде тәжірибесін бөлісті.
Одан өзге облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов жоғарғы оқу орнына түсуге талаптанып отырған түлектерге алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университеті, елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтына баруға кеңес берді. Кездесу қортындысында түлектер діни қызмет туралы сұрақтар қойып, толыққанды тұщымды жауап алды. Айта кетсек, «Ақтөбе» медресе-колледжінің биылғы бітіруші түлектер саны 30-ға жуық.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру