
ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Абай облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат жиындарына қатысты.
Атап айтқанда, Семей медициналық колледжі мен Семей Геологиялық барлау колледжінде студенттермен кездесіп, жат ағымдардан сақтану, сондай-ақ, студенттік шақтағы уақыттың қадірін біліп, бар уақыттарын ілім-білімге, өздерін жан-жақты дамытуға арнау тақырыбында насихат айтты.
Сондай-ақ, 28738 Әскери бөлімшесінде «Отанды қорғау – иманнан» тақырыбында уағыз айтып, елдің еңсесі биік болуы үшін әскери қызметкерлердің рухы биік болуы қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, жат ағымның кесірі, құмар ойынның әлегі тақырыбын да қозғап өтті.
Сонымен қатар, Абай облыстық «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінде Семей қаласы жамағатына «Исламдағы қайырымдылық» тақырыбында уағыз айтып, дініміздегі зекет пен уақыптың мән-мағынасын ашықтады. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мақстабек Мақсотұлы Абай облысына сапары барысында Семей қаласында №20 Түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жеке кездесу де өтікізіп, экстремисттік бағытта сотталған азаматтармен прфилактикалық сұхбат жүргізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру