Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРМЕН ТАНЫСТЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 06.02.2025 1166 0 пікір
АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРМЕН ТАНЫСТЫ

Алматы Орталық мешітінде шаһар имамдарына мүфтият бекіткен жұмыс жоспары негізінде Алматы өкілдігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстыру мәжілісі өтті.

Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған шаһар мешіттерінің имамдары қатысты. Елордада өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Төрт бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өтті. 

Алғаш болып сөз алған найб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев осы жылы басымдық берілетін төрт бағытқа айрықша тоқталды. Олар: «Дін мен дәстүр», «Ихсан және Насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру». Дін қызметкерлерін аталған іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.  

«Отбасы - ізгі қоғамның басты тірегі. Барлық аудан мешіттеріне жыл бойы жас отбасыларға арналған семинарлар ұйымдастыруды, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай айтулы іс-шараларды өткізуде белсенділік танытуға шақырамын. Осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, баршамызға ынтымақпен исламға қызмет етуді жазсын», - деді найб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев.

Сонымен қатар қаланың бас имамы Төлеби Оспан бағдарлық баяндамада айтылған маңызды тапсырмаларға тоқталып, Алматы қаласы өкілдігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Мүфтият бекіткен тақырыптар аясындағы медиа-жоспар бойынша мақала, видео-дәрістер дайындауды  тапсырды.

Жиын соңында Алматы қаласы бойынша дін қызметінде белсенділік танытқан бірқатар имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру