Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары 2025 жылдың жұмыс жоспарын бекітті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 06.02.2025 1287 0 пікір
Маңғыстау имамдары 2025 жылдың жұмыс жоспарын бекітті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2025 жыл – «Ислам және отбасы құндылығы жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлының жетекшілігімен имамдардың алқалы жиыны өтті.

Жиынға аудан-қала  имамдары, мешіт ұстаздары, Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының  қызметін атқарушы Бақытгүл Мақсотқызы қатысты. Биыл ҚМДБ 2025 жылға басымдық берген «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша  жауапты мамандар 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспарына тоқталды.

Облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы аясында біршама атқарылатын іс-шараларды айқындап, дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында 2024жылы белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, белсенді жұмыс атқарған дін қызметкерлеріне өкілдік тарапынан алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру