
ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен діни оңалту бағытында жұмыс істейтін мамандармен кездесу өтті.
Аталған шараға аймақтағы қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары мен басқа да дін қызметкерлері, Қызылорда облысының дін істері басқармасының қызметкерлері, Дін мәселелерін зерттеу орталығының, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің теолог мамандары қатысты.
Жиын барысында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, өңірдегі оңалту бағытына жауапты маман Талғат Демесбай, облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Серік Әбдіқадыров, бөлім басшылары Нұрхат Бердібек, Гүлсім Романқұлова дін саласы бойынша 2025 жылға қойған міндеттер мен мақсаттарды атап өтіп, ақпараттық-түсіндіру және оңалту бағытында жүргізілетін жұмыстардың барысын талқылады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру