Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Өңір имамдарының жиыны өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 06.02.2025 1082 0 пікір
Павлодар: Өңір имамдарының жиыны өтті

ҚМДБ Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдарының жиналысы өтті.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өткен жиналыс алдымен  Құран оқылып,  дұға жасалумен басталды.

Келесі кезекте облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы  2024 жылы өкілдіктің ҚМДБ-нан бекітілген 5 бағыт бойынша  атқарған жұмыстары, олардың еліміз көлеміндегі деңгейі қаншалықты болғаны туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Жиналысқа облыстық дін істері басқармасының басшысы Балтабай Мәдениұлы қатысып, қазіргі облыстық діни ахуал туралы айтып, имамдармен кейбір жұмыс бағыттары туралы ойларын бөлісті.

Ары қарай  ҚМДБ-нан 2025  жылы бекітілген іс-қызметтің 4 бағыты, «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғаны туралы кеңінен айтылып, осы 4 бағытқа жауапты болған мамандар биылғы жылы  атқарылатын жұмыс кестесін таныстырып, тапсырмалар берілді.

Соңында 2024 жылы үздік болған қала, аудан, ауыл мешіттері және дін қызметкерлері марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру