
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев Алматыдағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына арнайы барып, имамдармен кездесті.
Кездесуде имамдарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Наиб мүфти еліміздің әр тарапынан білімін жетілдіруге келген имамдарға ҚМДБ Төрағасының бастамасымен мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сыңды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту үшін 2025 жыл «Ислам және отбасы құндылығы» деп аталғанын әрі осы жылы мүфтият дін мен дәстүр, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру іс-шараларына басымдылық беретінін баяндады.
Сондай-ақ наиб мүфти дін қызметкерлеріне имамдық қызмет және жамағат намазын өткізу тәртібі туралы кеңінен баяндады. Имамдар мешіт жамағатының ұстазы, сондықтан оның өзі де үлгілі бола білуі қажет екенін айтты.
Кездесу соңында имамдар сұрақ қойып, Кенжеәлі Қоңыратбайұлы тұшымды жауап берді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру