
Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаевтың төрағалығымен өңір имамдарының 2025 жылға арналған алқалы жиыны өтті.
Оған облыстық Дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай, Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Е.Қабдоллин және өңірдегі қала бас имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Жиында бас имам Самат Қанатқалиұлы ҚМДБ Төрағасының Бағдарлық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылар нақты жұмыс жоспарына тоқталды. Сондай-ақ имамдардың басқосуында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясындағы ҚМДБ бекіткен айтулы шараларды ұйымдастыру, бөлім тапсырмаларын басты назарда ұстап, уақытылы орындау тапсырылды және ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін еске салды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру