
Қасиетті Шағбан айының құрметіне орай елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүр бойынша мешіт ақсақалдарына лайықты құрмет көрсетілді.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдарға алғыс айтпағанның, Аллаға алғысы жоқ, яғни шүкірі жоқ» (Тирмизи) деген өсиетіне амал еткен құлшылық ордасының қызметкерлері қарияларға құрмет көрсетіп, батасын алды.
Бас имам ақсақалдарға арнайы алғыс хат пен сыйлықтар тарту етіп, құттықтау лебізін білдірді. Дініміздегі және дәстүріміздегі үлкендерді құрметтеудің сауабы мен әдебі турасында насихат айтты. Әрдайым осы мешіттің ішінен табылып, жастарды жұмылдырып, ақылшы болып жүрген аға буын мен қариялар өздерінің өнегелі әңгімелерін өрбітіп, тағылымға толы ізгі ойларын ортаға салды. Ізгі шара соңында мешіттің құрметті ақсақалдары бас имам мен мешіт қызметкерлеріне зор алғыстарын білдірді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру