
Ақмола облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Науан хазірет» мешітінде семинар өтті.
Жергілікті дін қызметкерлері қатысқан семинарда «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан «Фактчекинг – жалған ақпарат жарға жығады» тақырыбында сөз сөйлеп, әлеуметтік желідегі ақпараттардың жалғандығын қалай ажырату керектігі жөнінде ой қозғады. «Бүгінде бұл өзекті мәселе екені анық. Жалған ақпараттар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, адамды адастыратыны еш жасырын емес. Сақтану жолдары әрқашан адамға дұрыс бағдар көрсетеді. Әсіресе, дін қызметкерлеріне бұл аса қажет» деді спикер.
Сонымен бірге, өкілдіктің имамдары Науан Мүтәлұлы «Халал өнімдер» туралы ақпарат беріп, түрлі қоспалардың адалы мен арамын ажырату жайлы айтты. Ал, Ұлан Шәріпов пәтуа беру әдебінің әртүрлі мәселелерін сөз етсе, Серік Халықов Құран тағылымы жөнінде ойларды ортаға салды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру