Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Имамдарға Бағдарлық баяндама таныстырылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.01.2025 1334 0 пікір
ШҚО: Имамдарға Бағдарлық баяндама таныстырылды

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігі өңір имамдардың 2025 жылғы алғашқы жиналысын өткізді.

Өскемен қаласындағы заманауи «Әл-Фараби» мешітінде ұйымдастырылған жиынға аудан және қала имамдары, өкілдіктің дін қызметкерлері қатысты. Келелі кеңесте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасын ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы оқып таныстырды.

«Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасында биыл атқаратын өзекті мәселелер қамтылған. Діни руханият саласындағы кезек күттірмес келелі шараларды Бас мүфти Бағдарлық баяндамасы арқылы барлық дін қызметкеріне орындауға тиіс мақсат ретінде белгілеп отыр. Өңір имамдары баяндамада айтылған мақсат-міндеттерді орындауға күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет. Бұның барлығы да хақ дініміз Исламды насихаттауға саяды» деп ерекше атап өтіп, баяндамаға кең көлемде тоқталды.

Бас имам Бағдарлық баяндамадағы тапсырмалардың орындалуын басты назарда ұстап, барлық дін қызметкерлерінің жаңаша көзқараспен, тың бастамалармен жұмыс  атқару керектігін тапсырды.

Жиында сонымен бірге имамдарға ҚМДБ берілген негізгі 4 бағыт және оның мақсат міндеттері, есеп үлгісі және «Айтулы шаралар-2025» жоспары, тәртіптік кеңестің міндеті туралы құжаттар таныстырлды. Өкілдік тарапынан биыл атқаратын шаралар жоспарынң да тізбесі бекітілді. ҚМДБ-ның құрылғандығының 35 жылдығы қарсаңында өкілдік бойынша жаңа міндеттерді орындауға нақты жоспар жасалды.

Сондай-ақ Ермек Қасболатұлы бірқатар дін қызметкерін Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының бас имамы Сайлау Зауатбек, Шемонаиха ауданының бас имамы Еркінбай Ибрагим, Самар ауданының имамы Бекболат Кәлебай, Қатонқарағай ауданың бас имамы Исин Ерлан қатарлы шығыстың белгілі имамдары бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру