
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл – «Ислам және отбасы құндылығы жылы» болып жарияланып, 2025 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысы орталығында өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен алқалы жиын өтті.
Оған барлық қалалық, аудандық мешіт имамдары жиналды. Облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында былтыр белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру