Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: РАНТ мүшесі жас спортшылармен кездесті

muftyat.kz 29.01.2025 971 0 пікір
Астана: РАНТ мүшесі жас спортшылармен кездесті

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Ислам Маратұлы Астана қаласындағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде жас спортшылармен кездесті.

Жиынға аталмыш білім ғимаратының студенттері мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында Ислам Маратұлы дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттап, жат ағымның арбауына кетпеу мақсатында тәлім-тәрбиелік насихат айтты.

Сондай-ақ қоғамға жат, дәстүрлі емес ағымдардың сипаттарына тоқталып, олардың құрығына түспеу үшін жастарды діни тұрғыдан сауатты болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру