Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетілді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 28.01.2025 1235 0 пікір
БҚО: Мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетілді

Ережеп айының құрметіне орай Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлының ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдарына арнайы дастарқан жайылды.

Құлшылық ордасының қызметкерлері қарияларға құрмет көрсетіп, батасын алды. Бас имам Самат Қанатқалиұлы ақсақалдарға арнайы сыйлықтар тарту етіп, құттықтау лебізін білдіріп, дініміздегі және дәстүріміздегі үлкендерді құрметтеудің сауабы мен әдебі турасында насихат айтты. Ақ дастарқан басына жиналған қазыналы қарттар да өздерінің өнегелі әңгімелерін өрбітіп, тағылымға толы насихаттары мен ізгі ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру