Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Бас имам – Баянауыл ауданында

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 28.01.2025 1299 0 пікір
Павлодар: Бас имам – Баянауыл ауданында

Жуырда Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов Баянауыл ауданына арнайы  іссапармен барды.

Облыс бас имамы бірінші кезекте шалғайдағы Теңдік ауылында болып, салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс барысымен танысты. Мешітті ауылдың белсенді азаматтары және ауыл халқы өз қаражатымен салып жатыр. Халықтың бір ауыздан ұйғаруымен құлшылық орны «Қаныш ата-Ғабдулғани» мешіті деп аталмақ. Бұйырса алдағы жазда мешіт құрылысы толықтай аяқталып, жамағатқа есігін ашады деп күтілуде.

Бұдан кейін бас имам Мәдениет үйіне жиналған ауыл халқымен кездесу өткізіп, оларға ҚМДБ-ның құрылуының 35 жылдығы, осы ұйымның 2024 жылы  атқарған іс-қызметінің есебі, жалпы ел бірлігі, татулығы, жастарды жат ағымдардан сақтандыру бағытында уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ Жолдас Қоспақұлы Сәтпаев ауылы мешітінде жамағатпен кездесіп, жоғарыдағы бағытта үгіт-насихаттар айтты. Келесіде Құндыкөл ауылындағы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысының барысымен танысып, Мәдениет үйінде ауыл халқымен кездесті. Кездесуде дін мен дәстүр, оның маңыздылығы мен қажеттілігі туралы кеңінен әңгіме өрбітіп, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру