Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытау: Бас имам – Ұлытау ауданында

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 13.12.2024 3533 0 пікір
Ұлытау: Бас имам – Ұлытау ауданында

Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы Ұлытау ауданына қарасты ауылдарға іссапармен барды.

Бас имам ең алдымен Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабековпен келелі кездесу жүргізіп, мешіт пен әкімшілік арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюын тілге тиек етті. Кездесуден соң Ұлытау ауданының жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын жүргізді. Қасиетті жұма күнінде Бейбіт Бақытжанұлы мешіттің белсенді жамағатына кіші қажылыққа жолдама сыйлады. Сонымен қатар іс-сапар барысында облыс имамы Қаракеңгір ауылында орналасқан «Ерден батыр» мешіті мен Қорғасын ауылындағы «Жанкісі би» мешіттерін аралады.

Ұлытау ауданында орналасқан Жезді кенті мешітінің аумағында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысып, кейінірек Жезді кентінің әкімімен кездесті. Жезді кентінің әкімі Мұратбек Досымбекұлы облыс бас имамын құшақ жая қарсы алып, жаңа қызметіне абырой тіледі. Жылы жүздесуде Жезді әкімшілігі мен мешіт арасындағы біріге жасалатын жұмыстар талқыланды.

Ұлытау ауданына жасаған іссапар барысында 150 жылдық тарихы бар «Жакуда ишан» мешітін зиярат қылды. Зиярат отандық туризм «Дархан дала» жобасы аясында өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру