16 желтоқсан – «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында Астанада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанмен кездесті.
Белгілі палуанмен кездесу барысында балалар көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Өз кезегінде Ризабек Айтмұқан балаларға еркін күрестің қыр-сырын бөлісіп, оларды алдағы келе жатқан «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, ақ жол тіледі. Өз кезегінде кездесуге қатысқан ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен Ризабек Айтмұқан «Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы тапсырысымен дайындалған ұлттық нақыштағы 100 рюкзак пен Ризабек Айтмұқанның суреті бейнеленген футболкаларды сыйға тартты. Естелік болсын деп Ризабек Айтмұқан футболкаларға өз қолын қойып берді. Кездесу тамаша атмосферада өтті және балаларға ерекше әсер сыйлады.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдасытруымен өтті. Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қоры бүгінгі күні 250-ден астам қор және Оңалту орталықтарымен тығыз қарым-қатыснаста жұмыс істейді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
12.12.2024
2479
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру