Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: ҚҰРАН ҮЙРЕНУШІ ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.12.2024 3044 0 пікір
ШЫМКЕНТ: ҚҰРАН ҮЙРЕНУШІ ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Шымкент қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ұстаз – ұлы есім» рухани-танымдық кеші өтті.

Рухани кешке Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, сектордың әр өңірдегі жетекші-ұстаздары Балжан Досжанова (Шымкент қаласы), Айжарқын Түзелова (Шымкент қаласы), Назерке Әкішқызы (Алматы облысы), Гүлмира Ілесбайқызы (Алматы қаласы), Жазира Иманәлиева (Жамбыл облысы), Еңлік Әбиева (Түркістан облысы) және арнайы мамандар қатысты.

Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы айтулы шараға арнайы қатысқан барлық қонаққа алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кеш барысында дін мен дәстүр, тәлім-тәрбие т.б. өзекті тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алған 50 қариға тәж кигізу, марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Кеш соңында арнайы мерекелік дастарқан жайылды.

>

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру