Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти – Маңғыстау өңірінде

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 10.12.2024 2090 0 пікір
Наиб мүфти – Маңғыстау өңірінде

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы іссапармен Маңғыстау облысына барды.

Аталмыш іссапар барысында наиб мүфти Бейнеу аудандық орталық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма уағызын жүргізді. «Құран және ғылым» тақырыбында жұма уағызын жүргізген Сансызбай Құрбанұлы Құран Алланың сөзі екені күмәнсіз хақ, ал Құранда келген ғылым – Алланың құдіретін танудың айқын дәлелі екендігін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Қарақия ауданы Жетібай ауылдық «Сүйінғара батыр» мешітінде, Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Қанағат» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Одан бөлек,жиылған жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру