Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Хадис сайысының жеңімпаздары ұмра қажылығына жолдама алды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 09.12.2024 1866 0 пікір
Абай: Хадис сайысының жеңімпаздары ұмра қажылығына жолдама алды

Абай облыстық орталық «Абай Құнанбайұлы» мешітінде Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Имам Нәуәуи жинақтаған 40 хадисі бойынша білім сайысы өтті. 

Сайыста «Абай Құнанбайұлы» мешітінің наиб имамы Рашид Мейімбекұлының «Имам Нәуәуи таңдаған 40 хадис» кітабы бойынша дәрісіне 2 ай уақыт үзбей қатысқан қала мешіттерінің жамағаты мен шәкірттері бақ сынады. 

Алғашқы кезеңде шәкірттер билет бойынша хадистерді жатқа айтып сайысса, қорытынды кезеңде хадистердің жалғасын жазу арқылы білімін көрсетті. Әділ қазылар алқасы 2 кезең бойынша қорытынды шығарып, тұмсығымен құс тістеген жүйріктердей мәреге бірдей жеткен қос жеңімпазға да Ұмра қажылығына жолдама табысталды. Сондай-ақ, қалған жүлдегерлер де қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 

Қалихан Салауат – Бас жүлде (Ұмра қажылығы) 

Кәрібай Нұржігіт – Бас жүлде (Ұмра қажылығы) 

Әкімбек Шалқар – 2-орын (20 мың тг) 

Нысанбаев Дулат – 3-орын (10 мың тг) 

Рухани ілім сайысының жеңімпаздарына ақ жол тілеп, қажылығы қабыл болсын дейміз! Ал демеуші азаматтарға Алла разы болсын! 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру