Әбділдә Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасы «Muftiyat» баспасының өнімдерімен толықты.
Нақтырақ айтар болсақ, Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы облыстық кітапханаға арнайы барып, «Ислам энциклопедиясы», «Дін мен дәстүр 2», «Дін мен дәстүр 3» кітаптарын тарту етті.
Айта кетейік, бұған дейін де аталмыш мекемеге «Дін мен дәстүр 1» кітабы табысталған болатын. Осылайша, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, діни басқарманың төл туындылары аймақтағы кітапханалар мен мешіттер арқылы оқырмандарға жол табуда.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру