Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы №44 мектепте өткен Әкелер форумына арнайы қатысып, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы насихат айтты.
«Әке – балаға үлгі. Әке өзін үйде, түзде қалай ұстайды? Не киеді, қайда жүреді, уақытын қалай өткізеді? Абайдың айтуынша, бала үш ортадан тәрбие алып шығады. Ата-анасы, мектебі, араласатын ортасы. Осы үш нәрсені түзеу маңызды. Әке жар таңдаумен ғана шектелмей, өзінің болашақта қандай әке болатынын да ойлауы керек.
Әкенің балаға назар аудармауы – қасірет. Балаңа 5 жасына дейін патшадай қара, 12 жасқа дейін құлша жұмса, 18 жастан кейін жолдасыңдай сырлас деген. Ұрып-соғу, айғаймен тәрбиелеу – бос сөз. Баланың ішкі дүниесін құндылықтармен толтырмасаңыз, қуыскеуде болып өсуіңіз мүмкін. Қорыта айтқанда, ата-ана баланың жақсы қасиетін көре біліп, жақсы қасиеттерін дамытуға маңыз беруі керек» деп атап өтті бас имам.
Іс-шарада сондай ақ, Атырау облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қуанышұлы, полиция майоры Жеңіс Бозаев тәжірибелерін бөлісті. №44 жалпы білім беру мектебінің директоры Абай Ақмурзиевтің айтуынша, мақсат – әкелерді бала тәрбиесіне қатыстыру. 100-ге жуық әкелер қатысқан шарада спикерлер қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
09.12.2024
1929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру