ҚМДБ Жастар ісі секторы Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлері арасында «DINTELLECT» облыстық интеллектуалды білім сайысы өтті.
Облыстық Жастар ресурстық орталығында өткен жарысқа Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Зияткерлік додада аудан және қала мешіттерінің жас мамандарынан құралған 13 топ қатысып, жалпы эрудицияға, ислам тарихына, пайғамбарлар және сахабалар өміріне, Қазақстан және әлем тарихына, салт-дәстүрге және әдебиетке негізделген түрлі форматтағы сұрақтардан тұратын 5 кезең бойынша сынға түсті.
І-орын – «Жаңақорған 1» (100 000 тг);
ІІ-орын – «Шиелі» (70 000 тг);
ІІІ-орын – «Қазалы» (50 000 тг);
ІІІ-орын – «Арал» (50 000 тг) топтары жеңімпаз атанса, «Жаңақорған 2» командасы белсенділігі үшін 20 000 тг көлеміндегі ынталандыру сыйлығымен марапатталды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
06.12.2024
1474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру