Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Бала тәрбиесі жөнінде рухани іс-шара өтті

05.12.2024 1285 0 пікір
Алматы: Бала тәрбиесі жөнінде рухани іс-шара өтті

Алматы қаласы Бостандық ауданы «Нұрлытау» мешітінің «Бала тәрбиесі – бір өнер» тақырыбында ерекше рухани іс-шара өтті.

Бұл шараға «ҒайниАмал» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Байменов ұстазымыз басты спикер ретінде маңызды баяндама жасады. Әбілқайыр Байменов Исламдағы отбасы институтының негізгі қағидаларын кеңінен түсіндіріп, бала тәрбиесінің отбасындағы іргетас ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Ол ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігі мен тәрбиеге негізделген рухани құндылықтардың маңыздылығына тоқталды.

Баяндаманың басты қағидалары:

1. Жауапкершілік:
Бала – Алланың аманаты. Әрбір ата-ана өз іс-әрекеті арқылы балаға үлгі болуы тиіс.
2. Рухани тәрбие:
Баланы кішкентайынан Алланы тануға, дұға жасауға және ислам құндылықтарын ұстануға баулу.
3. Жақсы мінез:
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін негізге ала отырып, балаға адалдық, сабырлылық және мейірімділік қасиеттерін дарыту.
4. Отбасы институтын сақтау: Бала тәртіпке, ата-анаға құрмет көрсетуге және отбасының бірлігін сақтауға тәрбиеленуі керек.

Шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты дін мен дәстүрге сүйенген пайдалы кеңестер беру, қоғамдағы тәрбиенің маңыздылығын арттыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар тәрбиелік әдістер мен құндылықтар туралы пайдалы ақпарат алып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.

Бұл шара ата-аналарға отбасы құндылықтарын сақтау және балаларды дұрыс тәрбиелеу жолында маңызды бағыт-бағдар берді. Қатысушылар осындай рухани жиындардың қоғамға берер пайдасын жоғары бағалап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру