Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде тәуелсіздік күніне орай «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» рухани кеші өтті.
Оған қалалық «Марал ишан», «Жайлаубай ата» және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешіттерінің жамағаты шақырылды. Алдымен ауызашар дастарқаны жайылып, ас берілді. Облыстың бас имамы Бектұрсын Уәлиев қоғамдағы бірлік, мұсылманның сипаты және тәуелсіздіктің қадірін бағалау жайында тәрбиелік мазмұнды насихат айтты.
Кейін интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Онда ақида, фиқһ және Қазақстан тарихы мен салт-дәстүрге байланысты сауалдар қойылды. Сайыс жамағат арасында қызықты да тартымды өтті. Белсенділік танытқан қатысушылар сыйлық-кітаптармен марапатталды.
Сондай-ақ арнайы басқосуға келуші жамағаттың ұсыныс пікірлері де тыңдалды. Жиналған көпшілік рухани-мазмұнды кешке дән риза болып, Облыстық мешіттің ұжымына шынайы алғысын жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
03.12.2024
2108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру