Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ МҮШЕСІ – АБАЙ ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 03.12.2024 2358 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – АБАЙ ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесі және Республикалық ақпараттық-насихат топ мүшесі, Кентаудағы «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар кездесу, іс-шараларға қатысты.

Атап айтқанда, алдымен ол Абай облысына қарасты Бородулиха ауданына ат басын бұрып, аудандық әкімдік мамандары, аудан имамы және белсенді жастармен кездесу өткізіп, өңірдің діни ахуалы жайлы сұхбат құрды. Сондай-ақ, аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан мешіттің жағдайымен танысып, қазақ елін Алла үйінің құрылысына көмек қолын созуға шақырды.

Бұдан кейін Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде студенттермен кездесіп, білім-ғылымның артықшылығы туралы насихат айтты. Сондай-ақ, студенттер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді.

Кешкілік Семей қалалық «Қос мұнаралы мешітте» Абай елі жамағатына «Исламды өміріңе енгізу» тақырыбында уағыз-насихат айтып, дұрыс діни сенімнің маңыздылығы, дініміздегі көркем мінез-құлықтың орны туралы сөз өрбітті. Кездесу соңында жамағат ұстазға жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру