Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Жетісайда конференция өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 02.12.2024 2232 0 пікір
Түркістан: Жетісайда конференция өтті

ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігі Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінің ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» және Жетісай қаласының 55 жылдығына орай конференция өтті.

Конференцияға Бас мүфти кеңесшісі, ҚМДБ Стратегиялық даму және талдау бөлімінің жетекшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов, филология ғылымының докторы, профессор Досай Кенжетай, Алматы қаласындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төрәлі Қыдыр және облыс бас имамы Ержан Төлепов, мешіт имам-молдалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Конференция барысында түрлі тақырыпта баяндамалар оқылып, Ислам әлемінің қазақ даласындағы орнығуы мен діни қайраткерлер жөнінде айтылды. Шара соңында Мүфтият баспасынан шыққан «Ислам энциклопедиясы», «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» және «Дін мен дәстүр ІІІ» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру