Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде студенттер арасында «Ән-Нуқоя Мухтасар әл-Уиқая» кітабы негізінде интеллектуалды сайыс өтті.
Оған әрқайсында 3-4 студенттен құралған 8 команда қатысты.
- Интеллектуалды тестілеу – кітап мазмұнын меңгеру деңгейі бағаланды.
- Сұрақ-жауап кезеңі – командалар залдағы студенттердің сұрақтарына жауап берді.
- Аударма және талдау – интерактивті тақтада ұсынылған мәтінді қазақ тіліне аударып, терең талдады.
- 1-орын – Талапкер тобы;
- 2-орын – Тәуекел тобы;
- 3-орын – Нұр тобы.
Жеңімпаздар ақшалай жүлделермен марапатталды.
Айта кетейік, сайыста қолданылған «Ән-Нуқоя Мухтасар әл-Уиқая» кітабы қазақ даласында ғасырлар бойы діни білім беру жүйесінің негізі болып келген. Ханафи мәзһабының маңызды еңбектерінің бірі саналатын бұл кітап ислам құқықтық ілімдерін ықшамды түрде түсіндіреді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
abu-hanifa.kz
19.11.2024
1754
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру