Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада «Жылу сыйла» акциясы жалғасуда

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 18.11.2024 1679 0 пікір
Астанада «Жылу сыйла» акциясы жалғасуда

Астанада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйытқы болуымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Нақты айтқанда, ұйымдастырушылар Астана іргесіндегі Пригородный шағын ауданы мен  «Зекет HUB» орталығында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, мұқтаж отбасыларға 50 тонна көмір үлестіріп, жүректеріне қуаныш, баспанасына жылу сыйлады. Сондай-ақ, 100 адамға азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек таратылды.

«Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Сондықтан да Алланың берген ризығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болады деп ойлаймыз» дейді қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру