Шымкент қаласы Еңбекші ауданының «Қарабастау» мешітінде үздік шәкірттер арасында қалалық деңгейде Құран жарысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Құран секторынің жетекшісі Ерман Бекбауов, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын, Берік Сейтаев арнайы қатысып, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Жалпы жарысқа іріктеуден өткен 25 қари қатысты. Жарысқа елімізге белгілі қари ұстаз Ерсін Әміре, Ықылас Майлан, Кәлімжан қари Юлдашев сынды қари-ұстаздар төрелік етті.
І-орын: Амантай Мұхаммедюсуф
ІІ-орын: Ілияс Алихан
ІІІ-орын: Біләл Тухтаев және көрермен көзайымы аталымы бойынша Халид Ділмұратов, ең жас қатысушы аталымы бойынша Әбубәкір Рахматұлы ие болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыста жүлдегерлерге алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
18.11.2024
1469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру