Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің бастамасымен Бурабай кентінің «Жібек жолы» мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.
Онда бас имам дін қызметкерлерінің білімін шыңдаудың маңыздылығын атап айтты. Білімді көтеруге арналған семинарды «Науан Хазірет» мешітінің наиб имамы Серік Халықов «Ихсан – рухани тәрбие негізі» және «Құран оқу ережелері» тақырыбындағы дәрістермен бастады. Сонымен қатар, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы «Ислам тарихы және Фиқһ усулі», «Науан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ұлан Шәріпов «Дін және дәстүр құндылықтары» тақырыптарында дәріс оқыды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
18.11.2024
1559
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру