Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ – ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНДЕ

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 18.11.2024 1432 0 пікір
НАИБ МҮФТИ – ҚОСТАНАЙ ӨҢІРІНДЕ

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Сансызбай Құрбанұлы іссапармен Қостанай облысына барды.

Алдымен ол облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан имамдарының қатысуымен семинар өткізді. Онда дін негіздері (Усул әл-фиқһ ) ілімі бойынша сабақ жүргізіп, аймақтағы барша дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге тікелей ықпалын тигізді. Дәріс барысында Құран мен хадистің түпкі мәнін терең түсіндіріп, оның нәзік тұстарын барынша ашуға тырысты. Ал имамдар өздерінің көкейінде жүрген маңызды сауалдарына нақты жауап алды. Семинар соңында наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы қатысқан имамдарға сертификат табыстады.

Сондай-ақ имамдарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Ислам энцклопедиясы» және «Дін мен дәстүр» кітабының ІІІ бөлімі таныстырылды. Кітаптар аудан мен қала имамдарына, имандылық ордасының кітапханасына табыс етілді. Ал бас имам Бектұрсын Уәлиев жұртшылық назарына ұсынылған кітаптар руханиятымызға қосылған сүбелі үлес екендігін айта келіп, олардың терең мазмұнына кеңінен тоқталды.

Бұдан кейін наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітіне ат басын бұрды. Алланың үйінде жергілікті жамағатпен кездесіп, бүгінгі таңдағы жұртшылықтың көкейінде жүрген өзекті тақырып бойынша уағыз айтты. Жиналғандардың қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру