Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Имамдарға ислам тарихы және фиқһ усулінен семинар өткізілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 14.11.2024 1339 0 пікір
Ақтөбе: Имамдарға ислам тарихы және фиқһ усулінен семинар өткізілді

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңір имам-ұстаздарының білімін жетілдіру мақсатында «Ислам тарихы және фиқһ усулі» тақырыбында семинар өтті.

ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес өткен семинарға арнайы келген «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Руслан Абдурахманов ханафи мәзһабының үкім шығарудағы негізгі дәлелдері мен қосымша дәлелдерін егжей-тегжейлі баяндап, имамдарға талас-тартысты мәселелердің мысалын келтірді. Сондай-ақ жамағаттың жат ағымға кетуінің себебі де осы аталған фиқһ усулін білмегендігінен екенін айтып түсіндірді.

Кейін «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев имамдарға ислам тарихынан дәріс жүргізді. Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  шежіресінен бастап, әділетті 4 халифаның кезеңіндегі кейбір тарихи деректерде келетін мәселелерді кеңірек түсіндірді. Төрт сағатты қамтыған семинар өте қызықты һәм тартымды өтіп, қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Шара қортындысында семинарға қатысушыларға ҚМДБ Ақтөбе облысының бас имамы атынан сертификат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру