Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде облыстық бата сайысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 13.11.2024 1856 0 пікір
Өскеменде облыстық бата сайысы өтті

ҚМДБ бастамасымен жарияланған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Батамен ел көгерер» бата беру сайысы өтті.

Байқауға облыстың аудан, қалаларынан жалпы 30-ға жуық батагөй ақсақал қатысып, келісті сөзбен, ақжарма тілекпен бата беріп, сайысқа түсті. Байқауға бата түрлерінен бірнеше кітап шығарған, ҚР «Мәдениет қайраткері», профессор Нәбиолла Кемешев бастаған қазылар төрелік жасады.

Өскеменде заманауи сәулетпен салынған «Әл-Фараби» мешітінде жүрілген бата жарысын тамашалаушылар қарасы да мол болды. Батагөйлер ақ батаның тиегін ағытып, ақ тілек жаудырды.

Бата сайысы туралы ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Халқымызда «Батамен ел көгереді» деген қасиетті сөз бар. Қазақ халқы батаға айрықша мән берген. «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ұлтымыздың бата беру дәстүрін жаңғыртып, осы сайысты ұйымдастырып отырмыз. Батагөй ақсақалдарды насихаттап, бата беру мәдениеті қалыптастыру бұл байқаудың негізі нысанасы» деп атап өтті. Ұтқыр сөз, ізгі тілекті арқау етіп, төкпелете бата берген жеңімпаз батагөйлерге өкілдіктен марапат және сыйлық тапсырылды.

Сайыс соңынан бата жарысының жеңімпазы көрермендерге бата беріп, елімізге тыныштық, халқымызға жақсылық тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру