ҚМДБ Қарағанды облыстық өкілдігінің орталық «Әнет баба» мешітінде «Ізгілік жаршысы әз-Мұхаммед» Мәуліт кеші өтті. Қарағандылық жамағатқа арнап мешіт асханасында 400 адамдық мол дастарқан жайылды.
Кеште өңір өнерпаздары дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, жыр-термемен жиналған жұртшылықты тамсандырды. Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтыла отырып, мәуліт жыры оқылды.
Шара барысында жеребе тартылып, 3 адам ұмра қажылығына жолдама ұтып алды. Сонымен қатар қатысушылар арасында асыл дініміз жайлы сұрақ-жауап қойылып, викториналық ойын жеңімпаздары сыйлық иеленді.
Кеш соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали рухани кешке жиналған жамағатқа алғысын білдіріп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтты.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
29.09.2024
1390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру