Мәуліт айы қарсаңында Өскемен қаласында қыздарға арналған «Ғиззатия» қайырымдылық мекемесі ашылды.
Аталған мекеме 50 орынға лайықталған. Қыз балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Қайырымдылық мекемесінің ашылуына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүбти Сансызбай Құрбанұлы және өңір имамдары, ардагерлер қатысты. Шараның басында қасиетті Құран оқылып қариялар бата жасап, әжелер шашу шашты.
Салатантты іс-шарада наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы ҚМДБ Төрағасының ерекше ілтипатын жеткізіп, құттықтауын білдірді. Кейін қонақтар жаңа ғимаратты аралап көрді.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.09.2024
1682
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру