Қасиетті жұма күні Өскемен қаласының Аблакетка шағын ауданындағы мешіт қайтадан салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы, ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы және қоғам қайраткерлері, өңірге белгілі ақсақалдар қатысты.
Наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы ең алдымен ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының жамағатқа ерекше ілтипаты мен сәлемін жеткізіп, қуанышқа ортақ ниетін білдірді.
«Бүгін асқар Алтайдың баурайында көрікті жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл халық үшін, ел-жұрт үшін үлкен игі іс. Сонау 90-жылдары егемендік алған тұста осы ауданда салынған алғашқы мешіт екен. Бүгін қайта жаңарып, кеңейіп халықтың игілігіне беріліп отыр. Енді Аблакетка жұрты өз мешітінде намаз өтеп, жұма оқып, дәріс алып, имандылық жолында тәлім алады. Бұл осы халықтың тілеуінің дұғасы» деп атап өтті.
Сондай-ақ наиб мүфти өз сөзінде жаңа мешіт ұлттық құндылықтарды ұлықтау, салт-дәстүрді сақтау, жат ағымдардан сақтану, жастардың адамгершілік құндылықтарға жақындауына зор рөл атқаратындығын ерекше атады.
Аблакетка ауданында ашылған еңселі мешіт толықтай құрал-жабдықтар алынып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Ашылу салатанатында барысында Құран оқылып, әжелер шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын берді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
28.09.2024
1819
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру