Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев Ойыл ауданына арнайы барған жұмыс сапары аясында көктем айында су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыны жаңа қонысымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау. Биылғы көктем еліміз үшін оңай болмады. Үйсіз қалған әрбір қазақтың қайғысы – бәрімізге ортақ. «Қазаны бірдің қайғысы бір» деген дана халқымыз. Бір елдің суын ішіп, отына жылынып отырған біздер, сіздермен әрқашан біргеміз. Құран Кәрімнің «Шарх» сүресінде «Шын мәнінде қиындықпен бірге жеңілдік бар» деген. Ендеше, Алла Тағала қиындық соңынан жеңілдік беріп, қайғы соңын қуанышқа ұластырып отыр. Бүгін міне, сіздерді құттықтап, қуанышқа ортақтасып келіп жатқан жайымыз бар. Қоныстарыңыз құтты, іші толған береке болсын!»,- деді Амантай Әбділдаұлы.
Одан өзге үй иелеріне сыйлық ретінде жайнамаз, наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының «Төртеу түгел болса» кітабы берілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
26.09.2024
1593
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру