Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Зират қорымдарын цифрландыру семинары өтті

СҚО өкілдігінің баспасөз қызметі uagyz.kz 26.09.2024 1705 0 пікір
СҚО: Зират қорымдарын цифрландыру семинары өтті

ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы мен «SHARAPAT DIGITAL» ЖШС директоры Еркін Тойжанов Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» орталық мешітінде зираттар мен салттық қызметтерді цифрландыру бойынша семинар өткізді.

Жиынға Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен өңір имамдары, облыстық дін істер басқармасы мен жергілікті зират әкімшілігінің мамандары және БАҚ өкілдері мен мешіт жанашырлары қатысты.

Семинар барысында М.Қабылбекұлы цифрландыру заманның талабы. Соңғы кездері ата-бабаларының қайда жерленгенін таппай, іздеу салып жатқан ұрпақтар бар. Зираттар базасын құру осындай іздеу жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ үш тілде жасалынатын бұл қызметті еліміздегі ғана емес, шет мемлекеттердегі азаматтарда қолдана алады. «SHARAPAT DIGITAL» компаниясымен жасалынған меморандумға сай биылғы жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық облыс орталықтарындағы зираттарды цифрландыру жұмыстарын аяқтап ортақ базаны іске қосу жоспарлануда. Келесі жылдан бастап, аудандар мен ауылдардағы зираттарда қамтылатын болады. Қызылжар өңірі – салттық қызмет көрсету орталығының қызметін толықтай цифрландыру бағытында жұмыстар атқарылып жатқан 16-аймақ екенін баяндады.

Е.Тойжанов цифрландыру жұмысының ел аумағында қалай жүргізіліп жатқанын экраннан көрсетіп, жиынға қатысушылардың смартфондарына арнайы жүктемені жүктеп берді. Жиынға қатысушылар муфтияттың игі бастамасын қолдайтындарын айтып, цифрландыру жұмыстарын өздері жасап үйрену үшін қаланың орталық зиратына барды. Зират басына келген еріктілер қорымда жатқан марқұмдарға дұға бағышталғаннан кейін, зираттарды цифрландыру жұмыстарына смартфондарына қондырылған жүктеме арқылы өздеріде атсалысты.

Содан кейін, QAMQOR SHARAPAT Орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Мақсат Аманжолұлы Астанадан іссапармен арнайы келген қонақтарға облыс орталығындағы мешіт жанында жұмыс жасап тұрған ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» Орталығы бөлімшелерінің жұмыстарымен таныстырды.

Іссапар соңында Мейрамбек Рсымов ел аумағындағы зираттарды цифрландыру жұмыстары бойынша жергілікті Қызылжар телеарнасына сұхбат берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру