Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында Түркістан облысының имамдары аттестациядан өтті.
Дін қызметкерлерінің білімін сынақтан өткізу іс-шарасына Бас мүфти Кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі қатысты.
Іс-шара барысында Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы имамдарға аттестацияны өткізудің мақсаты мен міндеттері, ережелері мен тәртібі жайлы жан-жақты түсіндірді.
Айта кетсек, аттестация мақсаты – аймақтағы дін қызметкерлерінің білімі мен қабілетін айқындау. Электронды тест сұрақтарында ақида, фиқһ, заң, ҚМДБ құрылымына, қабылданған құжаттарға қатысты сауалдар енгізілген. Имамдар бұған қоса ауызша емтиханнан өтті.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облысының баспасөз қызметі
19.09.2024
2215
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру