20-21 қыркүйек күндері Тараз қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2024» көрмесі өтеді. Осыған орай, «Халал Даму» орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы мен Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жергілікті имамдармен кездесу өткізіп, халықаралық халал көрмесінің өту барысын талқылады.
«HALAL EXPO» халықаралық көрмесі бұған дейін Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі мегаполистерде өткізілді. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен халал индустриясын дамыту, халалды кеңінен насихаттау мақсатында тарихи қала Таразда өткізу қолға алынды. Халықаралық халал көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады. Сонымен қатар, бұл көрме кәсіпорындарға өз өнімдері мен қызметтерін ұсынуға, тұтынушыларға түрлі халал өнімдермен танысуға, өндірушілерге өзара әріптестік келісім орнатуға, халал жөнінде жаңа мағлұмат алуға мүмкіндік береді», – деген Айбек Асқарбекұлы халал көрмесінің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жергілікті имамдар мен дін қызметкерлерін халал көрмесіне белсене қатысуға, халалды халық арасында кеңінен насихатауға шақырды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Халал Даму» орталығы
halaldamu.kz
19.09.2024
2782
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру