Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Ордабасы» мешітінде Мәуліт кеші өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 17.09.2024 2253 0 пікір
Шымкент: «Ордабасы» мешітінде Мәуліт кеші өтті

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Шымкент қаласының «Ордабасы» мешітінде Мәуліт рухани, мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Рухани шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, «Әйел-қыздар» секторы, қалалық «Әжелер мектебі» мүшелері т.б. мешіт жамағаты қатысты.

Рухани кеште Мәуліт жыры оқылып, жиналған жамағатқа «Мұмтаз» халал дәмханасында дастархан жайылды. Кеш барысында қалалық «Әйел-қыздар» секторы Балжан Досжанова ұстаздың ерен еңбегін үшін қалалық «Әжелер мектебінің» жетекшісі Қалдыкүл қажы Бекжанова апайымыз отбасы атынан Ұмра қажылығының сертификатын табыстады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру