Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев кезекті іссапармен Бейімбет Майлин ауданында болды.
Алдымен жергілікті «Әйет» мешітінің алқа мүшелері, ақсақалдар және жастарымен кездесті. Оларға ой салар уағыз-насихат айтты. Осынау имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, жөндеу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Ондағы мұсылман бауырларымыздың тарапынан имамның қызметіне қолдау көрсетіліп жатқаны айқын байқалды.
Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұлы аталмыш ауданға қарасты Тобыл кентіндегі мешітке ат басын бұрып, мұнда тазалық мәселесіне айрықща көңіл бөлу керектігін ескертті.
Сондай-ақ, сапар барысында Новоильинов ауылдық мешітіндегі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын білдірді. Алдағы кездері дін қызметкерлері «Уақып» қайырымдылық қорының балансына бір үйді алып, оны асханаға айналдыруды қарастыруда.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
17.09.2024
1980
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру